Жаңа оқу жылының басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Осы кезде балаларын мектепке беретін ата-аналар маған «Болашақта қандай мамандыққа сұраныс жоғары болады?», «Баламыз осы бастан қандай пәндерді көбірек оқуы керек?» деген сияқты сұрақтарды жиі қояды. Бұған нақты жауап беру қиын. Себебі, қазіргі қоғамда бәрі де тез өзгереді. Әрбір 9 айда адамзаттың ақпарат қоры екі есе көбейсе, ғылым мен техникада пайда болатын өнертабыс жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін шамамен жартысына дейін төмендетеді. Сол сияқты, мамандықтарға деген сұраныс тұрақты емес, жаңа мамандықтар көптеп пайда болуда. Сарапшылардың болжауынша, бүгін мектеп табалдырығын аттаған балалардың 40 пайызы біз әлі атын білмейтін мамандықтарды игереді. Әлбетте, мемлекет бұл өзгерістерден хабардар және уақыт сынына дер кезінде жауап беруге тырысады. Дегенмен, қандай деңгейдегі теориялық дайындық болмасын, қазіргі заман ырғағына толықтай ілесе алмайды. Бұл – біздің ғана емес, бүкіл дүние жүзі елдерінің ортақ проблемасы. Соңғы уақыттарда әлем рейтингінде көш бастайтын жоғары оқу орындары түлектерінің көпшілігі жұмыс берушілердің көңілінен шықпайтын болып жүр. Оған олар кінәлі емес. Мәселе түлектерден оқу орнында игерілмеген, алайда ағымдағы практикаға аса қажет дағдыларды талап етуде болып отыр.

Олай болса, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында құбылмалы тарихи жағдайда «Ескірген немесе сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет» деген сөздерін ұдайы есте ұстай отырып, мамандықтың нақты түрін таңдағаннан гөрі өмірде қажет, оқу пәндерімен тығыз байланысқан дағдыларды игеруге көбірек көңіл бөлуіміз керек.
Осыдан 20–30 жыл бұрын жоғары оқу орны берген білім адамның бүкіл ғұмырына азық болғандай еді. Қазіргі талап өзгерді. Ендігі жерде уақыт үрдісіне ілесу үшін азаматтар өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отырулары керек. Осы жолды таңдаған азаматтар ақпаратты өздігінен табады, оларды әртүрлі жағдайда пайдалана алады, тиiмдi шешім қабылдайды, іскерлігімен дараланады. Бірнеше жыл бұрын өткізілген халықаралық зерттеулер қазақстандық оқушылардың пәндер бойынша терең білім алатынын көрсетті. Бірақ олардың бар-жоғы 5 пайызы ғана сол білімін нақты өмірде пайдалана алатын болып шықты. Дамыған елдердегі оқушылардың бұл көрсеткіші 28,6 пайыз. Демек, бұл арада жас ұрпақты не үшін, қалай оқыту керек деген сауал туындайды.
Не үшін? Бірінші кезекте экономика тұратыны айтпасақ та түсінікті. Оқуын бітірген жас ең алдымен нарықта кәдеге жарайтын маман болуға тиіс. Дегенмен, ол жаһандану үдерісіне ілінемін деп жеке басының ұлттық ерекшелігінен ажырамауы, оны сақтап, тарата білуге үйренуі керек. Осыған орай кез келген оқу материалы, тіпті қолданылатын педагогтік әдіс-тәсілдер де білім берудің барлық сатыларында, оқу орындарының меншік түріне және оқытылу тіліне қарамастан халқымыздың салт-дәстүрімен, ұлттық мәдениетпен, жергілікті деректермен етене байланыста қарастырылғаны жөн.
Сол сияқты, «Ашыққанға балық берме, қармақ бер» дегендей, ұстаз шәкіртіне білім берумен қатар, оның өз бетімен ізденуіне ықпал етуге тиіс. Оқу материалының мазмұны осы мақсатқа бағындырылады. Қалайша? Бұл арада мұғалімнің «жәрдемдесушілік» рөлі басым болғаны жөн. Әдетте, «берушінің» оқушысы енжар келеді. Өйткені, ол көп уақытын тыңдаумен және ұсынылған материалдарды жаттап қайталаумен өткізеді. Ал «жәрдемдесушінің» шәкірті болса, мазмұнды өздігінен игеріп, жеке пікірін қалыптастыратын белсенді әрекетімен танылады. «Жәрдемдесуші» мұғалім: өзі сөйлей бермей балаларға сұрақ қояды; ақыл айтумен шектелмей, қолдау көрсетеді; стандартты шешімді талап етпейді, ерекше пікірлерді қолдайды.
Кезінде хакім Абайдың өзі сөздің мағынасына терең бойламай жаттаудың тиімсіз ғана емес, қауіпті екенін 38-ші қара сөзінде былай деп айтқанын еске түсірейікші: «Бұл күндегі тәхсилғұлум ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болады. ...Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін өткізіп, мағишат дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынды».
Сонымен, оқу үдерісі белсенді әрі жаңаны үйрену тұрғысында жүргізілуі керек. Шәкірт шынайы өмір туралы жеке түсінігін өзі қалыптастырады, мұғалім оның түсінігін қоғаммен, ортамен байланыстыруға жағдай туғызуға, қажет болғанда бағыт-бағдар, ақыл-кеңес беруге міндетті.
Сөздің шыны сол, компьютер, интернет, смартфон секілді көз жауын алатын коммуникациялық технологиялар арасында туып-өскен жаңа дәуір оқушылары бұрынғыша оқығылары келмейді. Заманауи ақпараттық орта адамзат тарихында дәл қазіргідей бай әрі жан-жақты болып көрген емес. Ал осы ресурстардың белсенді пайдаланушысы бола қоймаған мұғалім баланың ол ортада әрекет етуін шектейді, сөйтіп, оқушыларды стандартты шешімдерді қажет ететін, іш пыстыратын тапсырмаларды орындауға мәжбүрлейді. Бұдан олардың оқуға ынтасы төмендейді, зерігушілік пайда болады. Жағдайдың осы қалыпта қалуы шәкірттердің танымдық қызығушылығының оқыған сайын әрбір келесі сатыда төмендей беруіне әкеліп соқтырады. Оқу материалын сапалы игермейтін, қоғамда өз орнын таба алмайтын түлектер санының көбейе беруінің бір сыры осында жатыр. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Бұл үшін деңгейлі тапсырмалардың орындалуы, оқушылардың қызығушылығы мен икемділігіне қарай жеке бағытты айқындауы және т.с.с. мүмкіндіктердің қарастырылғаны жөн.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Джордж Лэнд пен Бет Джарманның «Бақылау нүктесі мен шексіздік: Болашақты бүгіннен меңгереміз» атты кітабы арқылы тараған 15 жылғы тәжірибенің нәтижелері таңғалдырады. Тәжірибеге қатысқан 3–5 жас аралығындағы 1 600 балаға тапсырмалардың әр алуан шешімдерін табуға қатысты тестілер берілді. Балалардың 98 пайызы «шығармашылықтың кемеңгері» атанды. Бес жылдан кейін осы балалармен тест қайта өткізілгенде 32 пайызы ғана «кемеңгер» мәртебесін растай алды. 13–15 жас шамасында бұл көрсеткіш 10 пайызға төмендеп кетті. Қызығы, бұл тестілерді тапсырған ересек адамдардың нәтижесі – 2-ақ пайыз! Біз кішкене баланың қолынан келетіні шамалы, олардың қабілеті есейген кезде ғана ашылады деп ойлаймыз. Сөйтсек, қазіргі оқыту жүйесінде баланың шығармашылық қабілеттері жылдан-жылға төмендей береді екен. Сонда не істеу керек деген сұраққа Sony корпорациясының негізін қалаушылардың бірі, ерте тәрбие беру теоретигі Масару Ибуки сәбиді үш жасқа дейін оқып үйрету керек, бұл оның әлеуеті ең жоғары кезі деп жауап беріпті. Үш жасқа дейін сәбидің әр күні – оның жан-жақты шалқып дамуының кезеңіне айналуы мүмкін екен. Демек, дана халқымыз "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деп бекерге айтпаған ғой! Тек мамандардың кеңестерімен қаруланып, бұл мақалды шын мәнінде отбасылық тәрбиенің қағидатына айналдыру қажет. Балаларының балабақшаға дейінгі тәрбиесіне ерекше мән беру – ата-аналардың парызы. Олай болмаған жағдайда, баланың бойына тумысынан біткен дарынның ашылуына балабақша да, мектеп те ойдағыдай әсер ете алмайды.
Мектептегі оқуда біз бірдей нәтижеге, бірыңғай жұмыс жасауға үйретуден бас тартқанымыз жөн. Оқушыларды қателесіп қаламын ба деген қорқыныштан босатып, шығармашылыққа, тәуекелшілдікке баулу қажет. Бұл ретте балалардың қызығушыл