Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2019

Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бес оқушысы тамақтан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде олардың асқазанын тазалап, денсаулықтарын қалпына келтіре алды. Бүгінгі күнде балалар үйлеріне аман-есен қайтарылған.

Жезқазғанда тамақтан уланған оқушылар жазылып шықты

Қазіргі уақытта аталған мектепте құрамына тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары енген арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ал қалалық әкімдіктің қызметкерлері жаппай улану оқиғасына мектеп асханасын тікелей кінәлаудың әлі ерте екенін ескертті.

«Мектеп бойынша 99 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Уланып, ауруханаға түскен бес баланың екеуі мектеп асханасында тамақтанбаған», деген мәлімдеме таратты олар.

Ал балалардың ата-аналары бұл оқиғаның ақ-қарасын анықтап, кінәлілерге шара қолдануды талап етіп отыр.

«Комисия әлі жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның не себептен болғанын ешкім тап басып айта алмайды. Егер улану оқиғасы мен асхана арасында байланыс болмаса, онда неге бес бірдей бала ауруханаға түседі?», дейді балаларының болашағына алаңдаған олар.

Еске салсақ, осыдан екі күн бұрын Жезқазған қаласындағы басқа бір мектептің сегіз жастағы оқушысы уланып, көп ұзамай көз жұмған болатын.

 

 

Қарағанды облысы