Комиссия Өзбекстан Республикасының Навои облысына іргелес жатқан Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы шегіндегі учаскеде мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі қорытынды құжаттардың жобаларын дайындады.
Делегация мүшелері Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында далалық демаркациялық жұмыстардың көлемін, 2020 жылы атқарылар жұмыс жоспарын талқылады.
Тараптар бірлескен демаркациялық қазақ-өзбек комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.
Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы жағдайда өтті.
АЛМАТЫ