Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Ірі есеппен басым түсті

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Сочиде жергілікті «Сочи» командасынан басым түсті.

Ірі есеппен басым түсті

Өткен турда «Барыс Аренада» «Йо­керит» командасынан 2:4 есебімен жеңіліп, қазақстандық көрермендердің көңілін құ­лазытқан жерлестеріміз бұл жолы көз­деген мақсатына қол жеткізді. Қос команда ойыншылары бірінші кезеңде қақпа саңылауын таба алмай, үзіліске тең есеппен тарқасты. Екінші кезеңде жерлестеріміз басымдыққа ие болып, екі бірдей шайба соқты. Алғаш Даррен Диц есепті ашса, Роман Старченко «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Бірақ кезең соңында «Сочи» ойыншылары есепті қысқартуға мүмкіндік алды. Шайба авторы – Павел Макаренко.

Үшінші кезеңде Роман Старченко дубл авторы атанып, Джесси Блэкер ойынның нүк­тесін қойды. Қорытынды есеп – 1:4. Бұл жеңістен кейін «Барыс» командасы 44 ұпай­мен «Шығыс» конференциясындағы турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.