Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті

27 реткөрсетілді

Ұлттық ұлан қатары тағы 50 жас сарбазбен толықты. Бүгін Алматыда «Әскерге шақырушылар күні» аясында оларға құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өтті. Айта кету керек, Алматы қаласынан 2000-нан астам жас әскер қатарына қосылады. Бұл шара «Рухани бағдарлама» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Онда соғыс ардагері және Қазақстан қарулы күштерінің аға буын өкілдері жастардың әскери қызметтегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, ақ баталарын берді. Сондай-ақ ұлдары Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Жолдыбаевтардың отбасына да тосын сый жасалды.

Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізетін «Әскерге шақырушылар күні» алдымен көрмеден басталды. Онда Қазақстан армиясында қолданылатын ең қажетті деген бұйымдар және киім үлгілері қойылған. Айтулы мереке концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Леонид Гирш әскерге шақырылушыларға ақ батасын берді.    

«Қабылдағалы отырған анттарыңа берік болыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды аман-есен атқаруларыңа тілектеспін. Әрбір ер жігіттің азаматтық парызы деп білемін. Үйлеріңізде ата-аналарыңыз сіздердің тілеулеріңізді тілеп отыратындығын естен шығармаңыздар»,  деді Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гриш.

«Әскерге шақырушылар күні» алты ай бұрын әуе десанттық шабуылдау күштеріне шақырылған Дауыржан Махамбетжанның отбасы үшін нағыз мереке болды. Жауынгерлік дайындықта жақсы нәтиже көрсеткені үшін оған қысқа мерзімді демалыс беріліп, ата-анасымен күтпеген кездесу ұйымдастырылды. Ұлының келуі ата-анасы үшін нағыз тосынсый болды.

«Мына екінші балам да әскери боламын деді. Әке жолын қуып жатыр барлығы. Ол кісі де әсери адам. Мен бүгін балам келеді деп күтпедім. Тосынсый жасады маған. Оған көп рақмет. Жүрегім жарылып кете жаздады, шынымды айтсам»,  деді Бағила Жолдыбаева.  

«Жыл сайын Алматы қаласынан 2000-нан астам жас әскер қатарына қосылады. Соңғы кездері сарбаздарға барлық жағдай жасалған, сондықтан сіздердің ұлдарыңызға біз жауаптымыз», деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы.      

«Әрқашанда Қазақстан қарулы күштерінің көңіл бөлінуінің арқасында әскери қызметті атқаруға барлық жағдай жасалған деп айта аламын. Балаларыңыздың әскер қатарына барып, ел тірегі, жер тірегі болып қайтып келетінен өз атымнан сендіремін», деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Үсербаев.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен ұласып, әннен шашу шашылды.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

18 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

Қазақстан • 18 Қаңтар, 2020

Алматы жасыл қалаға айналады

Экология • 17 Қаңтар, 2020

Көкшетауда беті ашық құдық көп

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Шымкентте Поэзия мінбері ашылды

Руханият • 17 Қаңтар, 2020

Бұландыдағы берекелі іс

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Мал баққанға бітеді...

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Кувейт турнирінде топ жарды

Спорт • 17 Қаңтар, 2020

Гран-при жарысына қатысады

Спорт • 17 Қаңтар, 2020

Екінші қоланы қоржынға салды

Спорт • 17 Қаңтар, 2020

Ұқсас жаңалықтар