Тәуелсіздік жылдарынан кейін Қазақстанның саясы жағдайы қандай болды? Егемендіктен кейін ел қалай дамыды? Бұл сұрақтарға қала тұрғындары мен қонақтары бүгін өткен кітап көрмесінен жауап алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда келген адам кеңестік одақтан бөлініп шыққан тәуелсіз республиканың тарихымен таныса алады.
«Екі тілде кітаптар қойылды. Орысша және қазақша. Кітап көрмесінің негізі мақсаты – оқырмандарды Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен, саясатымен, ахуалымен, саяси экономикасымен таныстыру», - деді Алматы қаласы №43 орталықтандырылған кітапхана филиалының кітапханашысы Жеңісгүл Ермекбаева.
АЛМАТЫ