26 Шілде, 2013

Қазақстан футбол клубтары рекордтық ұпайлар жинауда

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казахстанские клубы-1

Биыл Қазақстанның футбол клубтары Еуропа кубоктары маусымында бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге қол жеткізе бастады. Қазірдің өзінде 2011/2012 жылдарғы маусымның рекорды жаңартылып үлгерілді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«2011/2012 жылдарғы маусымда Қазақстан командалары 6,5 ұпай жинап, соған дейінгі ең жоғары көрсеткішке жеткен болатын. Өз кезегінде бұл қорытындыда ортақ қоржынға 1,625 балл қосып берді. Ал қазіргі сәтте республика клубтары бұл көрсеткішті 7,5 балға дейін жеткізіп қойды. Атап айтқанда, «Ақтөбе»- 3, «Ертіс»- 2,5, «Шахтёр» 2 ұпай қосып үлгерді. 2012/2013 маусымда тек«Астана»ғана ұпайсыз қалды. Осы ұпайлар қоржынға 1,875 балл қосып, рекордтық деңгейге жетіп отыр», - делінген хабарламада.

Осы кезге дейін жиналған ұпайлар мынадай:

1. 2013/2014 жылдарғы маусым — 1,875

2. 2011/2012 жылдарғы маусым — 1,625

3. 2012/2013 жылдарғы маусым — 1,375

4. 2009/2010 жылдарғы маусым — 1,250

5. 2005/2006 жылдарғы маусым — 1,000.

Дамир Қожамқұл.