Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2019

Түркістан облысында электронды түрдегі қызметтің үлесі – 88 %

29 рет көрсетілді

Түркістан облысында заман талабына сай халықтың мемлекеттік қызмет көрсету түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда өңірде 393 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Соның ішінде, жергілікті атқарушы органдармен – 193, орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшелерімен – 197. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен биылғы 9 айда барлығы 7 746 567 қызмет көрсетіліп, электронды түрдегі қызметтің үлесі 88 пайыз болған. Яғни өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 6 пайызға артқан.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исақов  мәлімдеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған болатын.

Брифингте Болат Исақов заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, бірқатар түзетулер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Департамент жүргізген кең көлемдегі іс-шаралардың және профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңбұзушылықтар азайған. Сондай-ақ қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қызметкерлердің іс-әрекетіне баға беру мақсатында Агенттіктің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл қосымша арқылы қызмет берушілердің қызмет көрсету нәтижелерінің сапасына жалпы 597 қызмет алушы жүгінген, нәтижесінде  оның 76 пайызы оң баға берген. 

 

Түркістан облысы


 

 

Соңғы жаңалықтар

Семейге «Сергек» орнатылады

Аймақтар • Бүгін, 14:56

Әкім ақынға құрмет көрсетті

Аймақтар • Бүгін, 14:52

Алматыда халықаралық форум өтті

Аймақтар • Бүгін, 14:27

Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты

Коронавирус • Бүгін, 09:18

Ұқсас жаңалықтар