Спикерлердің айтуынша, Алматының өзіндік басты мәселелері бар. Олар экология, транспорт және қауіпсіздік. Алға қойылған міндет – сарапшыларды, қоғам қайраткерлері мен белсенділерін осыған жұмылдыру.
«Urban Conference-те ортаға салып, шешімін бірге табуға шақырғымыз келетін тағы да бірқатар мәселелер бар», – деді Елдар Абдразақов.
Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорян форумның күн тәртібіне тоқталып, онда жиналған қауым Үлкен Алматы 5 миллион тұрғыны бар метроаймақ болуға дайын ба деген мәселені талқылайтынын айтты. Сондай-ақ марапаттауға лайық 3 үздік әлеуметтік жобаның іріктеліп алынатынын мәлімдеді.
«Шараның ең маңызды тұсы – Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасы болмақ, себебі Алматы әкімі өз баяндамасында «Алматы-2050» даму стратегиясының соңғы нұсқасын ұсынады»,– деді Kazakhstan Urban Conference ұйымдастыру комитетінің мүшесі Арташес Григорян.
АЛМАТЫ