26 Шілде, 2013

Нигерияда екі команданың ойыншылары ірі жеңіске жеткені үшін біржола алаңнан қуылды

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Футбол-Нигерия-1

Әдетте жеңіс деген қай команда үшін де жеңіс пен табыс әкеліп жатады ғой. Дегенмен, оның бәрі керісінше боылп шығатын кездері де кездеседі екен. Мұны Нигерияда таяуда орын алған мына жағдай толық дәлелдеп отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Аталмыш елді аса ірі есеппен жеңіске жеткендеріне байланысты екі футбол командасының ойыншылары аса қатаң жазаға ұшырады. Нақтырақ айтқанда, Нигерия ұлттық футбол федерациясы екі команданың ойыншылары мен басшыларын өмір бойына дисквалификацияға жіберді. Бұл жанжал екі клубтың ел чемпионатының кезекті турында қарсыластарын 79:0 және 67:0 деген есептермен жеңгенінен кейін көтерілді. Осы қорытынды матчтарға дейін бұл командалардың ұпайлары бірдей еді. Олардың бірінші орын үшін сырттай бәсекесі айтылып отырған кездесулерде өрістеді. Осында кім көбірек доп айырымына жетсе, сол чемпион болуға тиіс еді.

Ал матчтар адам күтпеген нәтижелермен аяқталды: «Полис Машин» командасы «Бубаяроны» 67:0 етіп талқандаса, «Плато Юнайтед Фидерс» жасағы «Акурбу»ұжымын 79:0 етіп іске асырмай тастады.

Нигерия футбол федерациясындағылар мұны мазақ деп түсінді, елдің біріншілігі мәртебесін аяққа таптау деп білді. Олар бұл ойындардың алдын аал келісу арқылы өткендеріне де күмән келтірмейді. Комиссия «Плато Юнайтед Фидерстің» бір ойыншының осында тіпті 14 гол соққанын да анықтап шықты. Ал «Полис Машиннің» жігіттер бір минуттың ішінде 4 гол салып үлгерген.

Комиссияның шешімімен бұл шоуды ұйымдастырған командалар басшылары мен ойыншыларын түгелдей өмірлік дисквалификацияға жіберді. Ал клубтардың өздері болса, алдағы он жылға дейін чемпионатқа қатысу құқығынан айрылды.

Дамир Қожамқұл.