Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Зита-Гита Алматыға келеді

1409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық продюсер Майра Қарсақбаева Үндістанға,  Делиге шығрмашылық сапары барысында үндістандық актрисса Хема Малинимен кездесіп, актрисаның алдағы жоспары, ойларымен бөлісті.    

Зита-Гита Алматыға келеді

Хема Малини қазақстандық өнер сүйер қауымға атақты «Зита-Гита» үнді фильмінде егіз қыздарды сомдаған басты кейіпкер арқылы танымал. 2003-2009 жылдары Үндістанның жоғарғы Парламентінде депутат болды. Қазір қайырымдылық шараларымен айналысады. Жетпісті алқымдап қалған атақты актрисса қазір де шығармашылық ортадан алыстап кетпеген. Соңғы бірер жылда Болливудтан шыққан ірі жобаларға басты рөлді ойнады. Жеке меншігінде кино түсірумен және бимен, әнмен айналысатын продюсерлік орталықтары бар.     

Майра Қарсақбаева бастаған шығармашылық топ Хема Малиниге қазақтың ою-өрнегімен әдіптелген күртешесін, Алматыдан арнайы жеткізілген апорт алмасын сыйлады.

Қазақстандық шығармашылық топтың ықыласына риза болған Х. Малини Алматы апортының хош исі мен дәміне тең келетін алма жоғын тілге тиек етіп өтті.

Себебі 1980 жылдары Ташкенте іс сапары кезінде қазақ делегациясы үндістандық қонақтарға қазақтың апортын сыйлаған екен.

Қазақтың алмасынан дәм ауыз татқан жан оны өмір бойы сағынып өтетінін тілге тиек еткен Х. Малини өзі жетекшілік ететін шығармашылық топпен бірге 2020 жылдың басында Алматыға гастролдік сапармен барып қайтуға ниетті екенін айтты.      

Қазір Х. Малиндің Алматыда өткен концертіне байланысты қазақстандық нивесторлармен келіссөздер жүріп жатыр.     

 

 

АЛМАТЫ