26 Шілде, 2013

Пугачеводағы оқиға тәртіп мәселесін реттеуге шақырды

323 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Пугачевадағы митинг

Ресейдің Саратов облысындағы Пугачево қалашығында орын алған оқиғаға байланысты елдіңң Жоғарғы соты Ставрополь өлкесі мектептерінде оқушы қыздардың хиджаб киюіне тыйым салған шешім шығарды. Жалпы, Ресейдің Ставрополь өлкесі Шешенстан, Дағыстан, Кабарда-Балқар және Қарашай-Шеркес аймақтарымен шектеседі. Сондықтан жекелеген мәлімет көздерінде Ресейдегі халықтың 20 миллионға жуығы мұсылмандар екендігі айтылып қалып жүр. Бұл туралы REGNUMақпарат агенттігі хабарлады.

Мәселенің екінші жағына келсек, Пугачевода бұдан бұрын орын алған тәртіпсіздікке байланысты Ресей Президентінің Федеральді округ бойынша уәкілетті өкілі Михаил Бабач шешен жастарын аталған аймақтан шығару керек деген шешімге келді. Ал Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев өткен жылы шешендерге қатысты қозғалған істі қайта қарау қажеттігін, жергілікті полицейлер мен шешен қауымының арасындағы байланысты жіті зерттеуді алға тартты.

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Пугачевода болған оқиғаға байланысты жергілікті билік мардымды шешім қабылдамай, жанжалдан бойларын аулақ ұстаған сыңайлы. Тіпті қала басшысы Станислав Сидоров ереуілге шыққандар алдына шығудан, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беруден бой тасалаған.

Арнайы жүргізілген тексеру кезінде «жаман қылығымен» көзге түскен шешен жастарын Пугачеводан шығару ісі жүзеге асырылды. Дегенмен, ішінара орыс пен армян ұлтынан да көші-қон заңдылығын бұзушылар кезікті. Осыған қарап, жергілікті биліктің қаншалықты дәрежеде жұмыс атқарғанын аңғаруға болады.

Осы жылдың мамыр айының басында REGNUM ақпарат агенттігінде жарияланған материалда Татарстан Республикасында да сырттан келгендерді еліне қайтару туралы мәселе көтерілгені жазылған. Әсіресе, осы өңірдегі Курманаев селосының тұрғындары жоғарыдағы тақырыптың өзекті екенін алға тартып, сырттан табыс табуға келгендерді қуып шығуды жылдамдатып іске асыру керектігіне екпін берді. Соған қарамастан, айтылған мәселе әлі күнге дейін басы ашық күйінде қалып отыр. Бұқаралық ақпарат құралындағы дерекке жүгінсек, Пугачевода кісі қолынан қаза болған азамат татар екен. Сол себепті де, жергілікті өңірдегі жұртшылық сырттан келгендерді тізімге алу ісін қозғап отыр.

Ресей аумағының көлеміне байланысты көші-қон мәселесін санаулы уақытта реттеп шығу мүмкін емес. Кейбіреулер Пугачевода орын алған қайғылы оқиғаны қала басшысы Станислав Сидров пен бас полицейдің ұйымдастыру жұмысының олақтығынан іздейді. Тәртіпке «бағынбаған» өзге ұлт өкілінің аспаннан салбырап түсе қалмағаны белгілі. Олар біртіндеп келіп, жайғасып алған еді. Мұның арты бір ұлттың атына кір келтіретінін кезінде ешкім ойлап жатпады. Енді келіп шикіліктің астарын өзге ұлт жастарын кезінде қаладан қуып шығу ісінің қолға алынбағанымен қарастырады. Шындап келгенде, бұл шешім тығырықтан шығудың жолы емес. Қала басшысы өзгергенімен де, айтылған мәселе бірден реттеле қоймайды.

Пугачева-кісі өлімі

Ұлтаралық, дінаралық ұстаным дұрыс жүргізілмеген жерде қайшылықтар туындайды. Сондықтан мемлекеттік жүйенің іргесі шетінемес үшін барлық істі жүйелі жүргізу қажет. Ал біз қазіргі кезде Таяу Шығыста жантүршігерлік соғыс болып жатқанын көзбен көріп отырмыз. Соның салдарынан христиан қауымына сол елден кетуге тура келді.

Осындай келеңсіздіктерді көре, біле тұра Пугачевода орын алған оқиға қайталанбас үшін не істеу қажет деген заңды сұрақ туындайды. Әлде тұтас ұлтқа біржақты баға бермес үшін орт