Ұлттық спорт • 12 Желтоқсан, 2019

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында асық атудан және бес асықтан екінші республикалық турнир мәресіне жетті.

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Тұңғыш Президент күніне арналған асық атудан «Алтын сақа» республикалық турниріне еліміздің 12 облысы, атап айтар болсақ, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Асық ату спорты бойынша бірінші орын­ды Жамбыл облысының жампозы Нұрсұлтан Қал­мағанбетов олжалады. Нұр-Сұлтан қала­сының өрені Кенжебек Бекжан екінші орынды иемденсе, Түркістан облысынан келген Мұса Биболсын қола жүлдені қоржынына салды. Турнирдің бір ерекшелігі – сайыстар командалық емес, жекелей түрде ұйымдастырылды.

Сонымен қатар бес асық бойынша бас жүлде барлық қарсыласынан оза шапқан Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Ұлжалғас Құдайбердиеваға бұйырды. Қостанай облысынан Назерке Серкебаева күміс жүлде еншілесе, тағы бір қостанайлық спортшы Аружан Сүйментай үздік үштікті түйіндеді.

Ескендір РАХМЕТОВ,

Нұр-Сұлтан қаласының асық ату ойыны спортынан аға жаттықтырушысы