Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып отыр. «Биыл аталған студияға тура 50 жыл толды. Студия ашылғалы бері 3000-ға жуық деректі, ғылыми-көпшілік фильмдер түсірілген. Айтулы шараға сол кезде жұмыс істеген әріптестер жиналды», деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі.

Алматыда «Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды

Студия ашылғалы бері 3000-ға жуық деректі, ғылыми-көпшілік фильмдер және күнделікті шығып отыратын бағдарламалар түсірілген.

«Бұл енді 50 жылдықтағы ұмытылмайтын істердің бірі деп есептеймін. Сондықтан алдағы уақытта мұндай жұмыстарды жалғастырып тұру керек. Өйткені біз «Қазақтелефильм» студиясында істеген ардагерлердің әрбірі мақтауға, мақтануға тұрарлық», деді филология ғылымының докторы, профессор, телетанушы Құдайберген Тұрсын.