Әлем • 12 Желтоқсан, 2019

Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігіндегі Ставангер қаласында режиссер Джефф Веспа түсірген «Әміре» фильмі көрсетілді, деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі. 

Норвегияда «Әміре» фильмі көрсетілді

Бұл шара «Рухани бағдарлама» шеңберінде ұйымдастырылды. Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді.

Бұл мәдени іс-шараны Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған. «Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Ол 1925 жылы Париждегі ЭКСПО көрмесі аясында дүниежүзілік музыка конкурсына қатысып, Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен», деді көрсетілім алдында Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Ахинжанов. 

Шара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өтті.