26 Шілде, 2013

Қызылорда прокурорлары жарты жылдың қорытындысын шығарды

383 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Прокуратура-Кызылорда-коллегия-1

Қызылорда облыстық прокуратурасы үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бағыты туралы» басқарма бастығы Ғалым Едігеев баяндама жасады. Есепті мерзімде облыс прокуратура органдары 535 тексеру жүргізіп, 19 907 заң бұзушылықты анықтады. Онда 10 812 азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалып, 3 млрд. 39 млн. теңге қаржысы мемлекет пайдасына өндірілді.Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 626 ұсыныс енгізілді, заң бұзушылықтарды жою туралы берілген 32 ұйғарым орындалып, 158 наразылықтармен 1 908 заңға қайшы кесімдер бұзылып, 2008 тұлға әртүрлі жауапкершіліктерге тартылды.

Облыстық прокуратурамен азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды. Осыған орай жүзеге асқан жұмыстардың нәтижесінде 2013 жылдың өткен мерзімінде 23 мекеменің 2 566 жұмысшылар алдындағы 174,1 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған 43 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есепті мерзімде прокуратура органдары сыбайлас жемқорлық сипатында 3 қылмыстық іс қозғады. Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіпкерлікті қорғауға байланысты 30 тексеру жүргізіліп, анықталған 455 заң бұзушылықтар бойынша 3 наразылық, 21 ұсыныс енгізілді. Ал қаралу қорытындысымен 25 заңсыз актінің күші жойылып, 43 тұлға тәртіптік және 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық ықпал ету актілерінің қаралу нәтижесімен 213 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Табиғат қорғау заңдылығын қадағалау саласы бойынша үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 42 тексеру ұйымдастырылып, олар бойынша 46 ұсыныс, 12 наразылық енгізіліп, онымен 18 актінің күші жойылса әкімшілік жауапкершілікке 161, тәртіптік жауапкершілікке 33 тұлға тартылып, табиғатқа келтірілген 2 млрд. 666 млн. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өндірілді.

Облыстық прокуратура органдары салық заңнамалары талаптарының сақталуына 11 тексерулер жүргізіп, 44 заң бұзушылықты тапты. Соның негізінде 13 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 7 адам тәртіптік, 12 адам әкімшілік жазалар алды. Бұл 3 млрд. теңге мемлекеттік бюджетке қаржы өндірілуіне жеткізді.

Жиында облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының жұмысы туралы басқарма бастағы Жалғас Ахметов баяндап берді. Ол өз сөзінде биылғы жылдың 6 айында қоғамдық маңызы бар деп танылған 12 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізілгенін айтты. Сотқа жолданған қылмыстық істерді 7-і бойынша айыптау үкімдері қабылданған. Мысалы, ішкі істер органдарынын қызметкерлері қылмыс жасады деп жалған айыптаған Б.Қалжанов, бүлдіршін қызды зорлап, өлтірген Е. Жалиев, екі кәсіпкермен бірлесіп 5 млн. теңгеден астам мемлекеттік қаржыны ұрлаған ОІІД-нің бұрынғы басқарма бастығы әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды.  

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының анықтаушысы А.Әлжанов 7 қылмысты есептен жасырғаны үшін айыппұл жазасына тартылды. Сезікті жөнінде тыйым салынған тергеу әдістерін қолданған Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы жедел өкілінің қылмыстық ісі сотта қаралуда.

Екі жылдың көлемінде 200. млн. теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған жеке кәсіпкер сотқа берілді. Бағасы 20 млн. теңгеден астам мемлекет мүлкін 610.000 теңгеге сатуды ұйымдастырған Байқоңыр қаласының департамент бастығы және бөтен мүлікті ұрлау қылмысын есептен жасырған Арал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері жөніндегі қылмыстық істер аяқталу сатысында.

Келесі кезекте ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау бойынша басқарма бастығы Мейрамбек Ибрашев сөз алды. Ол өз сөзінде осы уақыт ішінде қылмыстық атқару заңдарының қолданылуына 1720 тексеру жүргізіліп, 517 заң бұзушылықтың, оның ішінде 118 сотталғанның конституциялық құқықтарының бұзыл