Руханият • 12 Желтоқсан, 2019

Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Хабижанұлының 80 жылдық мерейтойы тойланды.  Аталған шара «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.

Болат Хабижанұлы «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды

Жиынға орталықтың басшылық құрамы, дәрігерлер мен қызметкерлер, ғалымның достары мен әріптестері, сонымен қатар шәкірттері қатысып,  мерейтой иесін мерейлі жасымен құттықтады. Жүректен шыққан ақ жарма тілектерін арнап, құшақ-құшаққа толы гүл шоқтарын табыс етіп, сый құрмет көрсетті. 

Салтанатты жиынға арнайы қатысқан С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин мерейтой иесінің денсаулық саласына сіңірген еңбегін атап өтіп, қоғамдық денсаулықты дамытуға және Қазақстан республикасының денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін Болат Хабижанұлын «Университет мақтанышы» төсбелгісімен марапаттады. Оқу орын басшысы құттықтау алғы сөзінде сондай-ақ ардақты ұстаз оқу орынның «Алтын»  кітабына енетіндігін және Болат Хабижанұлының есімі университеттің «Даңқ» аллеясына жазылатындығын атап өтті.

Болат Хабижанұлы сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін Ұлттық Медициналық қауымдастығының жоғары марапаты - «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

Шара барысында мерейтой иесін сондай-ақ, «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің»  ұжымы, «Астана медицина университеті» ұжымы мен әр облыстан келген шәкірттері мен әріптестері құттықтады.