Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

825 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Қарақия ауданы әкімдігінің ғимаратында «Қарақия - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында қолға алынған бастаманың бірі жан-жақты қолдау тапты.

Кеңсенің ашылуына аймақ басшысының орынбасары Қ.Жұмашев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков, «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д. Үсіпбаев қатысты.

Әкімдіктің акт залында өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан негізгі басым бағыттар туралы айтылды. Әсіресе өңірде қоғамның жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыруға арналған шаралардың санына емес  сапасына көбірек көңіл бөлу қажеттігі сөз болды.

Әсіресе сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыруда әрбір аудан тұрғыны өз үлесін қосуға шақырды. Бұдан былай азаматтар өзекті мәселелер бойынша мемдекеттік орган өкілдерінің қабылдауда болып, өздерінің ұсыныстарын және шешімін таппаған проблемаларын ашық жеткізе алады.

Осылайша қоғам алдында мемлекеттік аппарат қызметінің ашықтығын көрсету және халық пен биліктің байланысын нығайтуға мүмкіндігі қазыналы Қарақия ауданында да ұйымдастырылды.  Тұрмыстық жемқорлықты жою және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылатын бастама ендігі жерде Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Мұнайлы және Маңғыстау ауданында жалғасын таппақ.

Шара барысында Қ.Жұмашев, С.Қаныбеков, Д.Үсіпбаев және аудан әкімі Қ.Беков аудан тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Айтылған ұсыныстар мен арыздар бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.