26 Шілде, 2013

Атырауда терможаңғырту жүргізген компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау шатыр

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15 шілдеде Атырау қаласындағы бес қабатты үйдің шатырын өрт шалған болатын. Енді осы үйдің шатырына терможаңғырту бағдарламасымен жаңғырту жұмыстарын жүргізген компания үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков мәлім етті.

Еске сала кетейік, Атырау қаласындағы Авангард-2 ықшам ауданында орналасқан №4 үйдің шатыры өртке оранғанда Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Атырау қаласының әкімі С.Айдарбеков орынбасарларымен бірге оқиға орнына дереу жеткен еді. Өрттің қасақана жасалуы мүмкін екендігі жөнінде болжам да қарастырылып отыр.

Жолдасбек Шөпеғұл,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00