26 Шілде, 2013

Атырауда 30 мың мүйізді ірі қара қағазда бар да, табында жоқ

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мүйізді ірі қарасы

Атырау облысында мал санағын жүргізу барысында 30 мың сиырдың артық жазылғаны белгілі болып қалды. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әкімдікте өткен мәжілісте хабарлады.

-Мал шаруашылығында мал басын санау кезінде өрескел қателікке жол берілген. Әсіресе, 30 мың бас мүйізді ірі қараның саны бар да, өзі жоқ болып шықты,-деп мәлім етті Б.Ізмұхамбетов.

Әзірге санақ қорытындысына мүйізді ірі қараның басын артық етіп көрсетуге кінәлілер туралы ештеңе айтылған жоқ. Ал бұған кінәлілер жазалана ма, жоқ па, оны тап баса айту қиын.

Жолдасбек Шөпеғұл,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.