Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды

490 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда Ә. Қастеев атындағы  Мемлекеттік өнер музейінде кесте өнерінің шебері  Гүлмира Садықованың «Инемен жазылған кескіндеме» атты жеке көрмесі ашылды. Автордың қолтаңбасынан қазақтың ұлттық дүниетанымының исі аңқиды.

Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды

«Инемен жазылған кескіндеме» – Гүлмира Садықованың бірінші көрмесінің атауы ғана емес, оның шығармашылығының концепциясының мәні. Автордың шығармашылығында кейдейсоқтық немесе қалай болған да басы артық нәрсе кездеспейді. Автор енгізген кез келген символ, таңба, зат, ишара, аллегория – саналы әрі нанымды түрде қосылады. Егер де кескіндемешілер өздерінің туындыларына композиция құрарда, сурет жоспарлап, кенепке қылқаламын жақындатып, түстік акценттерін қоятын болса, ісмер-кестешінің қолындағы ине – қылқаламның, ал мата – кенептің рөлін атқарады. Ол суретті инемен ғажап етіп салады, суретші үшін әрбір жіп аралығы кескіндеменің жағындысына тең.

–Гүлмира Садықова айқас кестеге шебердің шығармашылық әлеуетін анағұрлым аша түсетін баспа кесте техникасын тәуір санайды. Бұл техника шебердің темпераментімен және өмірлік ырғағымен сәйкесе үйлеседі. Инені шебер игерген Гүлмира Тұрсынқызы қылқаламмен жазатын асқан шебер тәрізді жұмыс істейді. Кейде жіптері кенеп бетінде  еркін жатқан бояу жағындылары сияқты дестелене қалады. Кейде, шоқталып жиналып, кілем техникасына ыңғайланып, пастоздық кескіндемеге де ұқсап кетеді. Басқаша жағдайда – түрлі түсті жіптердің өрнегі өте нәзік лессировканы еске түсіреді. Түйме, пайетка, теңге, моншақ, майда монша, тоқыма, табиғи элементтер сияқты декоративтік элементтерді пайдаланып, авторлық кесте көлемді кескіндеменің белгілеріне ие болады, дейді көрме жетекшісі Оксана Танская

Кітап – суретші шабытының басты қайнаркөзі, оның оқып шыққан қазіргі сүйікті заманауи жазушылардың да, әлемдік әдебиет классиктерінің де  шығармаларының ішінен ол авторлық кесте сюжеттеріне көрініс-бейне табады. Гүлмира Тұрсынқызының әрбір картинасының сюжеттен бөлінбейтіндей жеке шығу тарихы бар, осы хикаямен жаңа танысқан көрермен шебердің идясының мәніне барынша толықтай ене алады.

Суретшінің интерактивті деп атауға болатын толықтай жауапкершілігі бар мұндай жұмыстары көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Мысалға, «Махаббат жай-күйлері» туындысын тамашалау кезінде, көрерменнен ерекше психологиялық тестен өтуін және қойылған әр түсті төрт раушан гүлінің ішнен өзіне көбірек ұнағанын таңдап алуын ұсынады. Жауап ұзақ уақыт күттірмейді. Байқап көріңіз. Ал «Алқызыл гүл» атты картинасы тіпті ең баға жетпес тілегіңізді орындайды. Бұл өмірде сыннан өткен.

«Ескерткіш», «Марионеткалар», «Тентек тышқандар», «Бала мысық Кити», «Париж көріністері» – әуелде гардероб бұйымы болып, содан кейін интерьер бұйымы ретінде «екінші рет өмір сүріп жатқандар». Олардың әрқайсысы ескірген соң өз қожайынының гардеробынан шығып қалған немесе кестешіге ерекше тартымды көрініп, тоқыма принтінде орындалған  Садықовтардың жеке заттары. Гүлмира Садықова жұмысқа кірісерде алғашқы суретпен салыстырғанда автор танымастай жиі өзгертетін түстік  палитраны әбден ойластырады, содан кейін барып фонын жасайды, композицияның қосымша бөлшектерін анықтайды, әңгіменің желісін кеңейтіп, туындының аяқталғанын білдіріп, нақты көрнекілік беретін картинаны міндетті түрде жақтаудың ішіне салады.