Елорда командасының хоккейшісі Роман Старченко аптаның үздік шабуылшысы атанды. Ол командамен бірге сырт алаңдағы үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, төрт шайба соқты. Бұл осы аптадағы ең үздік нәтиже. Қазақстандық клуб ойыншысы аптадағы барлық ойында гол соғып, «Сочи» қақпасына дубль жасады.
Сонымен қатар «Куньлунь Ред Стар» клубының қақпашысы Шимон Грубец, «Йокерит» командасының қорғаушысы Микко Лехтонен өткен аптаның үздігі атанды. Ал «Витязь» қорғаушысы Данилл Пыленков «апта жаңалығы» сыйлығын иеленді.