Футбол • 13 Желтоқсан, 2019

Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сейсенбі және сәрсенбі күндері футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып, жарыстың 1/8 кезеңіне жолдама алған командалар анықталды.

Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі

Плей-офф кезеңіне бірінші орынмен Англия­ның «Ливерпуль», «Манчестер Сити», Ис­пания­ның «Барселона», «Валенсия», Ита­лия­ның «Ювентус», Германияның «Бава­рия», «РБ Лей­п­циг» және Францияның ПСЖ командалары шықты.

Екінші орынмен Англияның «Тоттенхэм», «Челси», Испанияның «Реал», «Атлетико», Италия­ның «Атланта», «Наполи», Герма­ния­ның «Боруссия» (Дортмунд) және Францияның «Лион» клубы 1/8 кезеңге жолдама алды.

Ал Белгияның «Брюгге», Грекияның «Олим­­пиа­­кос», Украинаның «Шахтер» (До­нецк), Гер­ма­нияның «Байер», Аус­трия­ның «Зальцбург», Ита­­лияның «Ин­тер», Пор­ту­га­лия­ның «Бенфика» және Ни­дер­ландтың «Аякс» командалары үшінші орын­мен Еуропа лигасында доп тебуге мүмкіндік алды.