Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында 660 бала полиция есебінде тұр

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста өткен 9 ай аралығында кәмелетке толмаған балалар 213 қылмыс жасағаны анықталды. Жасөпірімдерге негізінен «Қылмыстық кодекстің» 188-бабы бойынша, «бөгде адамның мүлкіне қол салу» айыбы тағылған.

Алматы облысында 660 бала полиция есебінде тұр

Жалпы, жасөпірімдердің қылмысқа баруы былтырғы есепті мерзімімен салыстырған 9 процентке төмендеген. Өткен жылы 9 айда 235 іс тіркелген болатын.

Ал тәртіпсіздігі шектен шыққан оқушылар сот шешімен арнайы орындарға жіберілуде. Қазір Алматы қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мекемеде 12 жасөспірім, Шығыс Қазақстан облысындағы ерекше режимдедегі мекемеде облыстың 6 баласы тәрбие алып жатыр.

 

Алматы облысы