26 Шілде, 2013

Мемлекет кепілдігімен берілетін білім несиесі жүйесіне 4 банк тартылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тестирование выпускников-2

Мемлекеттің кепілдігімен берілетін білім несиесіне кепілдікке мүлік қоюдың қажеті жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттінінің тілшісі хабарлады.

Бұл туралы бүгін Астанада білім беру несиелерін алу мүмкіндіктері мен шарттарына арналған баспасөз мәслихатында «Қаржы орталығы» АҚ президенті Забира Оразалиева мәлім етті.

Биылғы 22 шілдеде Қазақстанда колледждер, кәсіптік мектептер мен ҰБТ тапсырмаған орта мектеп түлектері, сондай-ақ халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған мектеп түлектері қатысқан кешенді тестілеу аяқталды. Енді олар ҰБТ тапсырған түлектермен бірге мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысады.

«Алайда, барлығы бірдей грантқа іліне алмайды. Сондықтан мемлекеттік білім беру грантынан тыс қалғандар, оқуға қаражаты болмаған талапкерлер немесе студенттер оқуының ақысын төлеу үшін мемлекеттің кепілдігімен ұсынылатын білім беру несиесін алу мүмкіндігі бар»,-деді З. Оразалиева.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы бұл несие екінші деңгейлі банктер тарапынан беріледі. Оның бір ерекшелігі, дүние-мүлікті кепілдікке қоюдың қажеті жоқ. Өйткені, несие үшін кепілдемені «Қаржы орталығы береді.

«Қазіргі кезде «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеп жатқан 4 банк бар. Олардың ішінде «Халық Банкі», «Альянс Банк», «БТА Банк», «Ресейдің жинақтаушы банкі» секілді екінші деңгейлі банктер қамтылған»,-деді ол.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы несиелер 9 пайыздан басталады.

Сәкен Майлыбай.