Ақмола облысының Шортанды ауданында «Жаңа дала-2013» Қазақстан егіс алқабы күні» бірінші мамандандырылған көрме көрсетілімі табысты өткізілуде.
ДиқанқауымыныңкөңіліненшыққанмұндайкөрменіңА.И.БараеватындағыАстықшаруашылығығылыми-өндірістікорталығындаұйымдастырылуыныңөзіагроөнеркәсіпкешенініңзаманалықтехнологияменжербаптау, топырақөңдеуқадамдарынаайрықшамаңызберетінінкөрсетеді.
Ақмола облысының Шортанды ауданында «Жаңа дала-2013» Қазақстан егіс алқабы күні» бірінші мамандандырылған көрме көрсетілімі табысты өткізілуде.
ДиқанқауымыныңкөңіліненшыққанмұндайкөрменіңА.И.БараеватындағыАстықшаруашылығығылыми-өндірістікорталығындаұйымдастырылуыныңөзіагроөнеркәсіпкешенініңзаманалықтехнологияменжербаптау, топырақөңдеуқадамдарынаайрықшамаңызберетінінкөрсетеді.
Сондықтан да болар, аумағы 20 гектарды алып жатқан көрме көрсетілімге ТМД елдерінің, Германия, Польшаның, отандық өндірісшілерді біріктіретін 40-тан астам компания өкілдері ықылас танытып отыр. Заманауи ауылшаруашылық техникаларының таныстырылымы шараларына 1 мыңға жуық маман тартылғанын да айта кетуіміз керек.
Халықаралық деңгейдегі көрме көрсетілімге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев құттықтады. Ол өз сөзінде заманауи техника өндірістің жоғары тиімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін алғышарт, деп атап көрсетті. Бүгінгі шараның мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне уақыт талабындағы технологиялар мен техникалар түрін таныстыру, оларды жұмыс барысында сынап көру және болашаққа инвестиция құюға жол ашу болып табылады. Сондықтан, диқан қауымы мен мамандарымыз бүгінгі мүмкіндікті, яғни делдалсыз сатылым шарасын пайдаланып қалуға тиісті. Шетелдік мамандар, керек болған жағдайда, сіздердің егістік алқаптарыңызда жұмысқа тартылып, жергілікті механизаторларды оқыта алады.
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рашид Әкімов «Жаңа дала-2013» Қазақстан егіс алқабы күні» бірінші мамандандырылған көрме көрсетілімінің топырақ құнарын сақтаудың нөлдік технологиясы ойлап табылған академик А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында өткізілуі біз үшін үлкен құрмет. Астықты Ақмола өңірі бүгінгі шараның үлкен қайтарым беретініне сенімді, деді.
Айтулы шараға дайындық барысында топырақ өңдеудің дәстүрлі, төменгі шектеулі және нөлдік технологиялары бойынша, сондай-ақ, суландыру мен жемшөп жинау техникаларын қамтитын 12 демонстрациялық көрсетілім ұйымдастырылған екен.
Жиналған қауымға жайқалған егістіктегі тұқым сұрыбының сапасы мен оны жоғары тиімділіктегі өсімдік қорғау құралдарымен өңдеу нәтижесі, егіншілік саласындағы нанотехнология жайында орталық ғалымдары кешенді мағлұмат берді.
«Қазагромаркетинг» АҚ басқармасының төрайымы Айгүл Ахметжанова аграршылардың алаңсыз жұмыс істеуіне және таңдау жасауына барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтады. Шындығында, химия өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілердің, отандық және шетелдік техника шығарушылардың, топырақ өңдеу техникасының технологиялық желісін қамтамасыз етушілердің жүзіндегі жадыраңқы шырай басшы сөзін дәлелдей түскендей.
Зеренді ауданындағы шаруа қожалығының директоры Бөде Жақсыбековті әңгімеге тартқанымызда ол: «Біз аудандағы элита тұқымды бірден-бір шаруашылықпыз. Бұл дәрежемен мерейленеміз және сақтап қалуға күш саламыз. Бүгінгі талап жоғары. Сондықтан, озық техникалар мен технологиялар таныстырылымының басым көпшілігіне қатыстым. Жанымдағы мамандармен ақылдаса отырып екі дана әмбебап тұқым себу, оны өңдеу, тіпті жинау кешенін сатып алуға келістік. Көп ұзамай астық жинау науқаны да басталады. Бұл техникалар бізге үлкен көмекші болатыны анық», деді.
Ақмолалықтардан кезек алған солтүстікқазақстандықтардың көрменің екінші күнінің бағдарламалық шараларын жоғары деңгейде өткізгені айтылуда. Бүгінгі кезек – Қостанай облысында.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.
Суреттерде: көрме көрсетілімінен көріністер.
Суреттерді түсірген
Ермұрат ДОСЫМОВ.