Ұзақтығы 3 сағаттық күнделікті рейстер Н.Назарбаев айлағынан Жуковский халықаралық әуежайына орындалады. 180 орынды лайнерлер Нұр-Сұлтаннан сағат 22:10-да ұшып, Мәскеуге сол күні 22.40-та қонады. Кері қарай рейс уақытының аралығы: сағат — 23:25 және 05:35.
Мәскеу – ТМД елдері арасындағы тарихи, туристтік әрі іскери маңызы зор халықаралық орталық болып есептеледі. Жуковский әуежайы Ресей астанасының қарқынды дамып келе жатқан әуеайлағы екені сөзсіз. Былтырдың өзінде әуежай қызметін 1 миллионнан аса адам қолданып, жолаушылар саны 173% өскенін атап кеткен жөн. FlyArystan-ның операциялық қызметі жүзеге асырала басталғаннан бері Қазақстан қалаларының әуеайлақтарында жолаушылар саны орташа есеппен 30-35% артқан.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтаннан орындалатын сапарлар құны 19 999 теңгеден басталады. Әуе компанияда бұл баға қазіргі нарықтық бағадан 60% төмен екенін атап өтті. Мәскеуден шығатын жолаушылар билетті 3333 рубльден бастап сатып алады.