Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді

1011 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда өткен «Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстелде кезекті рет «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді.

Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді

Бұл іс-шара – Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасының жалғасы.

Алматыдағы зиялы қауым өкілдері, желтоқсаншылар, қайраткер жазушылар қатысқан жиында ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолына шолу жасалып, баяндамалар талқыланып, пікірталастар жүргізілді. 

Жалпы дөңгелек үстелде айтылған пікірлер парасы төмендегідей:

Желтоқсан – Тәуелсіздікті қайта қалпына келтірген көтеріліс. Грузия тәуелсіздігін алған күнін 26 мамырда тойлайды. Себебі 1918 жылы тұңғыш «Грузия демократиялық республикасы» құрылды және оны сол кезде мойындап үлгерген мемлекеттер бар. Кез келген елдің тарих оқиғалары бір-біріне ұқсап, жанасып жатады. Бәріндегі ортақ мүдде біреу-ақ. Ол – тәуелсіздік. Тіпті Грузия ресми түрде 1991 жылы алған азаттықтарын «тәуелсіздікті қайта қалпына келтіру» деп баға да берген, ресми атаған.

Ал бүгін, 13 желтоқсан Алаш автономиясының құрылған күні. 1917 жылы құрылған Алаш республикасының бүгінгі жалғасы қазіргі тәуелсіз Қазақстан екенін оқыған көзқарақты оқырманның бәрі біледі. Ендеше біздің де тәуелсіздік қайта қалпына келді, өсті әрі өнді. Тек бізде грузияға қарғанда, жоқ жалпы ТМД елдеріне қарағанда басқаша тарихи оқиға орын алды.

1986 жылы көтеріліске шыққан қазақ жастары Кеңестің көбесін сөгіп, жаппай ыдырап, өзге де елдердің тәуелсіздік алуына себепкер болды. Ал біз осы ұлы күнді сынып ішіндегі ашық сабақтарда не дөңгелек үстел айналасында талқылап, ұрпақ санасында жаңғыртып тұрғымыз келеді. Идеология мен ақпарат соғысы жүріп тұрған шақта бұл ақылға қонымсыз стратегия. Белгілі бір жүйеге негізделмеген, тек бағдарлама ретінде жүретін «желтоқсан» тақырыбын жаңа деңгейге, ақиқатын ашып айтатын тағы бір белеске өтетін сәті келген секілді.

Дөңгелек үстелде тағы да көтерілген мәселенің бірі «Желтоқсан көтерілісіне» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру. Бұл турасында халықаралық деңгейде тақырып қозғалып, келісім берген он шақта мемлекет аталды.

 

 

АЛМАТЫ