Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді

490 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қала жастары атсалысқан «Ұлы дала өнері» атты көрмелер легі өтті. Көрмеге мектеп оқушылары мен колледж студентерінің ұлттық құндылықтарымызды бейнелейтін 400-ге жуық еңбегі қойылды.

Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту», «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету»  жобасы аясында сәуір-қараша айлары аралығында «Ұлы дала өнері» атты көрмелер легін ұйымдастырды.

Жастарды ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, сақтауға, дәріптеуге  үндейтін көрмеде, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, бейнелеу және фотоға түсіруді талап етеді. Осылайша, жастарға ұлт өнері жайлы ойлануға,  атсалысуға, сол салада ізденуге, еңбектенуге ықпал ететін шара, республиканың Алматы қаласында ғана емес,  республиканың кейбір өңірлерінің жастарын да қамтыды. Оның ішінде, мектептердегі этнос өкілдерін де қамтыды.

Әсіресе, Алматы қаласындағы №13, №107 және №146 мектептері мен Халықаралық бизнес және коммуникация, Жаңа технологиялар, Инновация және технология, Полиграфия  колледждері, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бертаев, Қорам мектептері, Көксу ауданындағы Мұқаншы мектебі, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №163 мектеп, Түркістан облысы, Кентау қаласы,  №12 Б.Момышұлы атындағы мектептер қолөнерімен ерекшеленсе, Шелек ауылы, Х.Бижанов атындағы орта мектеп, Энергетика колледжі тартымды фотоларымен көзге түсті.  Алматыдағы №153, №156 мектеп-гимназия, Нархоз колледжі,  Алматы обл, Достық ауылы, А.Бертаева атындағы мектептер ұлттық құндылықтарды бейнелеген суреттерімен ерекшеленді.

Осылайша, Халықаралық «Жанашыр» қорының «Ұлы дала өнері» атты тақырыптық көрмесі  жастардың отаншылдық пен елжандылық қасиеттерін оята түскені байқалды. Шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» кез келген ұлттың, ұлыстың рухани мәдениетін дамытуға үлес қосатын бағдарлама екенін айта келе, осындай шаралар ауылды жерлерде жиі өткізіліп тұрса деген  ұсыныстарын білдірді.

 

 

АЛМАТЫ