27 Шілде, 2013

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы сақталуы қажет

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғанын хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00