Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді Тәуелсіздіктің 28 жыл толуымен құттықтады. Тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабалар аңсаған азаттықтың құндылығын атап өтті.
«Елбасының «Тәуелсіздікке қол жеткізу қиын, ал оны сақтап қалу одан да қиын деген» сөзі бар. Сондықтан тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді нығайту – әрбір азаматтың міндеті. Біздің алға қойған мақсатымыз дамыған 30 елдің қатарына ену, жастарымыздың қабілеті, білімі мен бірлігі, қандай да бәсекелестікке қарсы тұрарына еш күмән жоқ. Жарқын болашақ жақын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілегім келеді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын"-деді өңір басшысы.
Облыс әкімі сонымен қатар аймақтың 2019 жылдың 11 айында жеткен жетістеріне тоқталды. Әлеуметтік-экономиканың дамуы 105% құраған. Шағын және орта бизнес 10,7% - ға өсіп, онда 144 мыңнан астам адам еңбек етеді. "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 836 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. "Тәуелсіздікті нығайтуда өңір халқының бірлігі, ортақ мақсаттағы жауапкершілігі мен белсенділігі аса қажет. Сонда ғана біз туған жеріміз – Ақтөбені құтты мекенге айналдырамыз",-деген облыс әкімі өңірдің мәдени, қоғамдық саяси, әлеуметтік дамуына үлес қосқаны үшін түрлі салада медицина, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет т.б салаларында қызмет еткен 51 азаматты марапаттады.
"Қазхром" трансұлттық компаниясы Дон тау – кен байыту комбинаты АҚ филиалының басшысы Виктор Тиль «Отан» ордені, Мaximus»/«Максимус»ЖШС үйлестіру кеңесінің төрағасы Амангелді Майтеков,Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры Қайрат Қойлыбаевқа «Парасат» ордені берілсе, Ақтөбе облысы Темір аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмахан Өтепов, еңбек ардагері Жақсыбай Талаев, Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов, Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнара Күнбаева т.б «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қатар бірқатары ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені,«Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, ҚР "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
Рәбиға Сыздық, Амангелді Айталы, Дінмұхаммед Құдайберген, Құрманғазин Есімхан сынды 4 азаматқа «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.