Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 1 қаңтардан бастап оның көлемі 31 килоны және 200 еуроны құрайтын болды. Тауар көлемі бұл нормадан асқан жағдайда тауар құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро мөлшерлемесі бойынша кедендік төлемді төлеуге міндетті. Бір атап өтерлігі, азаматтардың тауар әкелу, пошта арқылы алу жиілігіне қатысты мерзімдік шектеулер алынып тасталады.
Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары әр азаматқа 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кило екенін айта кетейік. Жаңа норма бойынша азаматтардың 1 ай ішінде 1 мәрте емес, күн сайын тауар тасыса немесе пошта жөнелтілім арқылы алуына да мүмкіндігі бар.
Қарапайым мысалмен түсіндірер болсақ, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация тапсырылып, құндық нормасынан асатын бөлігі де кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша декларацияланады. Яғни 100 еуро үшін оның 15%-на тең қаражат төленуі керек. Ал жіберілген заттың құны 200 еуродан аспаса, бірақ салмағы 35 кило болып межеден 4 килоға асып кетсе, онда сол 4 кило үшін кедендік баж салынады.