Спорт • 16 Желтоқсан, 2019

Жалпы есепте үздік үштіктеміз

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Нагано қаласында конь­кимен жүгіруден әлем кубо­гы­ның төр­тін­ші кезеңі өтіп жатыр. Командалық спринт­те қазақ­стандықтар 9-орынды ие­ленді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жалпы есепте үздік үштіктеміз

Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-сатыға тұрақтады. Төртінші кезеңде Ресей құрамасы топ жарса, Жапония мен Канада күміс пен қоланы еншіледі. Ал әлем кубогының төрт кезеңі қорытындысы бойынша, Қазақстан үшінші орын иеленді. Біздің құрама еншісінде 290 ұпай бар.

Осылайша, Дмитрий Бабенко баптайтын Қазақстан құрамасы жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионатына жолдама алды. Жал­пы командалық есепте Нидерланд құрамасы 440 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 316 ұпайы бар Швейцария құрамасы тұр.