Спорт алаңдары үш бөліктен тұрады: жазда – футбол алаңы, қыста – хоккей кортына айналатын қоршаулы алаң, балалардың ойын алаңы және түрлі тренажерлер орнатылған жаттығу алаңы. Ойын алаңына – жасанды көгал, қалған алаңдарға жарақат алмас үшін арнайы резеңке жабын төселген.
Жаңа спорттық нысандардың ашылу салтанатына арнайы келген Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қала халқын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, спортпен дос болып, салауатты өмір сүруге шақырды.
Батыс Қазақстан