Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында 55 отбасы коттедж үйге көшті

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі күнінде Талдықорған қаласында баспана кезегінде тұрған 55 отбасы қоныс тойын тойлады.

Алматы облысында 55 отбасы коттедж үйге көшті

Облыс орталығы маңынан бой көтерген коттежд қалашығын енді көпбалалы аналар, үй кезегінде тұрған қала тұрғындары, басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері мекен етеді. Аумақта салынған екі қабатты тұрғын үй тіршілік етуге қолайлы. 10 сотық жер телімі бар, табиғи газ желісіне қосылған. Тұрғы үйдің жалпы аумағы 90 шаршы метр.

- 15 жыл үйдің кезегінде тұрдым. Жалғызбасты анамын. 3 балам бар. Бүгін үй бұйырды. Бұл баспана жекешелендіруге жатпайды екен, дегенмен кісі есігінде жүргеннен жақсы. Балалар қуанып жүр, - дейді қала тұрғыны Рауза Қазақбайқызы.

Жалпы, Тәуелсіздік мерекесінің аясында облыста баспаналы болған тұрғындар саны жүзге жуықтады.