Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Алматы облысынан өткен 9 айда 99 090 адам көшіп кеткен

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Статистикалық мәліметтерді сараласақ, жыл басынан бері Жетісуға 83 301 адам көшіп келіпті. Бірақ, өткен мерзімде облыста көші-қонның теріс айырмасы да қалыптасқан.

Алматы облысынан өткен 9 айда 99 090 адам көшіп кеткен

Мәселен, аймақтан ірге көтерушілер саны 99 090 адамға жетіп, көшіп келушілер санымен салыстырғанда 15 789  жанға көбейген. Бұл көрсеткіш арғы жылмен салыстырғанда 20,2 процентке өсіп отыр.  Көші-қон үдерісі негізінен ТМД елдеріне бағытталыпты. Яғни, Алматы облысынан көшіп кеткендердің 83 процентінің таңдауы көрші елдерге түскен. Ал осы ТМД аумағынан облысқа келушілер саны 67,4 процент шамасында екен.

Есесіне, Жетісуға бағытталған ішкі миграция үлесі басым. Биыл елдің басқа өңірлерінен көшіп келушілер саны 14,5 процентке ұлғайған. Жалпы, Алматы облысының аумағын мекендеген ел-жұрттың жалпы үлесі 2 млн 47 мың адамға жетті. Оның ішінде тұрғындардың 60 проценті Алматы қаласының маңын мекен етеді екен. Яғни, мегаполиспен шектесетін аудандарда 1 млн 200 мың адам тіршілік етуде.