Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Алматы облысы тұрғындарының 78 проценті ауылда тұрады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматы облысындағы тұрғын халық саны  2050,9 мың адамды құрады. Статистика дерегі бойынша, ел-жұрттың 22 проценті қалада тіршілік етеді, ал 78 процент тұрғынның мекені - ауыл.  

Алматы облысы тұрғындарының 78 проценті ауылда тұрады

Нақты айтқанда, 450,9 мың жетісулық қалада тіршілік етсе, ауылдарды 1600 мың жан басы мекен етеді. Жалпы, биыл облыста демографиялық жағдай қалыпты көрсеткіш көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққандағы табиғи өсім 18,4 адамға көбейді. Яғни, өткен 9 ай аралығында 37 781 сәби дүние есігін ашқан.

Ал осы мерзімде дүние салғандар саны 10 020 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,54 марқұмға азайды. Былтыр аймақта 10 043 адамның жаназасы шығарылған екен.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00