Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Әулиеаталық азаматтар марапатталды

144 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Егемендік – ел тарихындағы айрықша құндылық болып саналады. Осы жылдар ішінде еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Жамбыл облысы да өсіп-өркендеді. Ел Тәуелсіздігі жолында талай азаматтар тер төгіп, еңбек етті.

Әулиеаталық азаматтар марапатталды

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай салнататты жиын өтті. Асқар Мырзахметов салтанатты шарада баяндама жасап, Тәуелсіздік тағылымына тоқталды. Сонымен қатар, көпшілікке бардың бағасын бағалай білудің маңыздылығын жеткізіп, осы жылдар ішінде аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар барысын да әңгімеледі.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталған бірқатар азаматтарға марапаттары табысталды. Президенттің Жарлығымен жазушы, республикалық «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутайұлы, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл филиалы бас инженерінің орынбасары Александр Малыш, ақын, еңбек ардагері Шырын Мамасерікова, облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет, «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов, Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова, облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева «Құрмет» орденімен марапатталды. Ал, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытының  №01 цехының слесарь-жөндеушісі Жексен Әкіжанов пен «Жамбыл электр жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Красногор тарату электр жүйесінің электрослесарі Эдуард Штарк III-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Бұл награданы Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының өз қолынан алғандар арасында Тараз қаласының тұрғыны, «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалдау» акционерлік қоғамының «Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесі» Жамбыл пайдалану локомотив депосының вагон қараушы-жөндеушісі Николай Хомутенконың да бар екенін айтып өту керек. Сондай-ақ, Тараз қаласының тұрғыны, «Айнұры» татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амир Халиков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен,  Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Бақыт Шағырбаев «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағымен Нұр-Сұлтан қаласында марапатталған.

Жиында өзге де бірқатар азаматтарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат»  медальдарі,  Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамоталары,  Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты және «Барыс» төсбелгісі табысталды. Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар