Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

Жарма ауданының Белтерек ауылында Мәдениет үйі ашылды

1454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарма ауданының жұртшылығы биыл Тәуелсіздік мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсы алды.

Жарма ауданының Белтерек ауылында Мәдениет үйі ашылды

Жарма ауданының жұртшылығы биыл Тәуелсіздік мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Ұлық мереке қарсаңында аудан орталығы – Қалбатау ауылында екі пәтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

үй

Бұл баспаналар көп балалы аналар мен мүгедек жандары бар отбасыларға салтанатты түрде табыс етілді. Тұрғын үйлерді «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Динара Исабаева салған екен.

үй 1

 

Тағы бір жағымды жаңалық, 13 желтоқсанда Белтерек ауылында жөндеуден өткен Мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды.

белтерек

Жиырма жылдай қараусыз қалған ғимаратты қайта қалпына келтіруге аудандық бюджеттен 7 миллион теңгеден астам қаржы бөлініпті.

бел

бел 2

«Тәуелсіздіктің 28 жылдығын лайықты қарсы алу мақсатында ауданда бірқатар игі істер жүзеге асырылды. Еліміздің басты мерекесін Белтерек ауылы тұрғындары ерекше ықыласпен қарсы алды. Мәдени шаралардың отауынан 20 жылдай қол үзіп қалған ауыл тұрғындары осы өңірге жасаған сапарым барысында аталмыш мәселені көтерген болатын.

бел 3

бел 5

Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар Мәдениет ошағының тұсауын кесіп, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Осыған дейін аудан бойынша жергілікті жерлерде 19 клуб жұмыс істеп тұрған болса, бүгін олардың қатары тағы бір клубпен толығып отыр. Келешекте осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге мән берілетін болады» дейді Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы