Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл өңірі

599 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік – әр қазақтың маңдайына жазылған баға жетпес бақыт пен байлық. Азаттық жылдары мемлекет қамқорлығымен еліміздің барлық өңірлерінде жарқын жобалар қолға алынып, өз жемісін берді.

Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл өңірі

Осы жылдар ішінде Тәуелсіздікті нығайтуға барша қазақстандықтармен бірге Жамбыл облысының тұрғындары да лайықты үлес қосты деуге болады. Бүгінде Әулиеата өңірі серпінді даму жолына түсіп, өзінің әлеуетін көрсетті. Ағымдағы жылдың өзінде облыстың аралық экономикалық өсімі 5 пайыздан асқан. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 15 пайызға артып отыр.

Бұл ретте жеке инвестициялардың үлесі 20 пайызға артқанын да айта кету керек. «Жыл басынан бері 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал жыл бойынша 485 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ең төменгі жалақы 1,5 есеге артты. «Еңбек» бағдарламасына 36 мың адам қатысып, 27 мың адам жұмыспен қамтылды. 18 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11,5 мыңы тұрақты. Білім беру саласында 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 пайызға жетті. Сондай-ақ, ауыл халқын алғашқы медициналық көмек нысандарымен 100 пайыз қамту, ағымдағы жылы 65 медициналық мекеме салу нәтижесінде болып отыр.        Жамбылдықтардың әл-ауқатын жақсартуға мемлекеттік және салалық бағдарламалар бағытталған. Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде халықтың табысын арттыруда маңызды перспективалар ашылуда», дейді Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов. Сондай-ақ, жыл басынан бері 123 әлеуметтік-экономикалық нысандар жаңадан ашылып, бірқатар нысандар қайта жаңғыртылған. Оның ішінде 20 білім, 65 денсаулық сақтау нысандары болса, 18 тұрғын үй, 130 спорт алаңдары ел игілігіне берілген.

 Жамбыл облысы