Руханият • 17 Желтоқсан, 2019

Димаш Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Димаш Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

«Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді осынау 90 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің – анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес»  деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін Алматыдағы киелі өнер шаңырағы, Абай атындағы опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт ұйымдастырылатынын хабарлаған болатынбыз.
Бұлбұл әншінің құрметіне итальяндық әнші Джузеппе Вердидің «Травиата» атты атақты операсы қойылды.

 

Ондағы бас партияны  өнер иесінің вокалистер байқауында бас жүлдеге ие болған опера әншісі Альфия Каримова орындады. Бибігүл Төлегенованы құттықтауға көптеген отандық эстрада жұлдыздары мен халық әртісінің ерекше талантына бас иетін өнер сүйер қауым келді.  

«Қазақ елі үшін керемет мереке - Тәуелсіздігімізді алғанымызға 28 жыл болды. Қос мереке -  егемендігіміз бен Бибігүл Ахметқызының 90 жылдық мерейтойы қатар тойланайын деп тұр. Ол да үлкен қуаныш. Ең бастысы, бүкіл қазақ елі үшін егемендігімізді қолға алып жатырмыз. Егемендігіміз мәңгілікке айналсын дегім келеді, ел тұғыры биік болсын. Көк байрағымыз желбірей берсін!», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.

Қазақтың бұлбұл әншісінің құрметіне ұйымдастырылған мерекелік шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.