Экономика • 16 Желтоқсан, 2019

Қаржы министрлігі тәуелсіздік күнін атап өтті

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қаржы министрлігі тәуелсіздік күнін атап өтті

Тәуелсіздік күнін тойлауға арналған салтанатты іс-шарада Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов бірқатар қызметкерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Қазақстан Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 207 Жарлығымен Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасы «Құрметке» ие болды.

Бұдан бөлек, жиын барысында «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және басқа да медальдар табыс етілді.

Салтанатты іс-шарада Мемлекеттік кірістер комитетінің талантты, жас мамандары өнер көрсетті.

Бағдарламаның басында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы естеліктер оқылды. Мерекелік шарада айтыскер ақын, салық қызметкері Олжас Отар домбырамен авторлық туындысын орындады.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінде де Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жиында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік мереке құрметіне орай Комитеттің үздік қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.