Руханият • 18 Желтоқсан, 2019

VIII «Алтын домбыра» иесі – Рүстем Қайыртай

264 рет көрсетілді

Орал қаласында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбымен өткен VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін ақын Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.

Суретті түсірген Мейірбек ТӘЖҚҰРАНОВ

Екі күнге созылған «Алтын домбыра» сайысының жеңімпазы алтын домбыраға қоса 4 миллион теңгені иеленді.

Суперфиналда Рүстеммен жекпе-жекке шығып, көрермендердің қолдауына ие болған қызылордалық Мұхтар Ниязов бірінші жүлдені қанағат тұтты. Айта кетейік, Мұхтар бұған дейін «Алтын домбыра» жүлдесін екі мәрте жеңіп алған.

Жүлделі екінші орын батысқазақстандық Жансая Мусина мен алматылық Қазірет Бердіханға бұйырды. Қостанайлық Айбек Қалиев пен қарағандылық Өміржан Көпбосынов үшінші орын иесі атанды. Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан), Қанат Мырзахан (Алматы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) арнайы жүлдеге ие болды.

Айтыс меценаты, «Tas Group» компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлына жалпы құны 2,4 млн теңгелік бір жылдық стипендия тағайындады. Сондай-ақ кәсіпкер қарағандылық Дидар Қамиев пен оралдық ақын, осы айтысты ұйымдастырушылардың бірі Бауыржан Халиоллаға ат мінгізді.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 09:25

Ел жүрегі – елорда

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар