Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019

Ақмолада 130-дан астам адам құтқарылды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айы жылы болғанымен, боран-шашын көп. Өкпек жолаушыға да қауіп-қатер аз емес. Ақмола облысында ақтүтек боранның салдарынан күре жолдың бойында қар кептелісінде қалған 30-дан астам көлік шығарылды.

Ақмолада 130-дан астам адам құтқарылды

Шамамен 130 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілген. Ал 220-ға жуық жолаушы жылыту орындарының игілігін көрді. Таяудағы күндері күшті боран, көктайғақ болып, соның салдарынан бірнеше бағыттағы тас жолдар жабылған болатын. Алайда, ескертуді елемей жолға шығатындар азаймай тұр. Олар кейін қар құрсауында, кейбір жағдайда, тіпті апатқа да ұшырап жатады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандар мал іздеп шыққан тұрғындарды және 3 трактормен жолға шыққан жұмысшыларды ақтүтек боранда аман-есен тапты. Арқа қысының қаһары әлі алда. Сондықтан мамандар тұрғындарды ескертіп, сақ болуға шақырады.  

- Облыстың азаматтық қорғаныс саласы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Жергілікті полиция қызметі және атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп жедел топтар құрылды. Атқарылған жұмыстардың арқасында адамдардың барлығы аман. Соңғы күндердегі жағдай жол тазалайтын мекемелерде техника тапшылығы бар екенін көрсетті. Алдағы уақытта осыны шешу қажет, – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Алексей Советов.