Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Алматы облысындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры төмендетті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сататын дүкендерде күнкөріске қажетті тауар бағасы біршама төмендемек. Бұл облыстың тұрақтандыру қорынан бөлінген қаржының арқасында мүмкін болып отыр.

Алматы облысындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры төмендетті

Қазір арнайы дүкендерде азық-түліктің әр келісі үшін қойылған баға табысы аз отбасылар мен зейнеткерлер үшін қалта көтеретіндей деңгейде. Мысалға, картоп 80 теңге, күріш 225 теңге, кеспе 180 теңге, қант 180 теңге, пияз 65 теңгеден сатылуда.

-Тұрақтандыру қорына 5,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары алынды. Ол Талдықорған қаласының «Жерұйық» коммуналды базарында және тұрақтандыру қорының қоймасынан тікелей сатылады. Жақын арада тауар қаланың азық-түлік дүкендеріне жеткізіледі. Агенттік келісім жасау мәселесін пысықтап жатырмыз, дейді «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі департаменттің директоры Бахтияр Сембеков.