Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында салық берешегі 9,3 млрд теңгені құрады

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есепті жылды қортындылауға санаулы күн қалғанымен, Алматы облысындағы салық борышкерлері тиісті төлемдерді өтеуге асығар емес. Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегі бойынша, өңірдегі төленбеген салық көлемі 9,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл 154 133 тұлғаның мемлекетке қарыз екенін көрсетеді.

Алматы облысында салық берешегі 9,3 млрд теңгені құрады

Ал 1 желтоқсанындағы салық есебі бойынша, жергілікті бюджетке 202,7 млрд теңге түсіп, жиналған салық көлемі жоспарда сомадан 2,9 млрд теңгеге артық орындалған. Яғни, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салық түсімі 17,4 млрд теңгеге көбейіп, өсу қарқыны 109,4 процентке өскен екен.

-Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 459,3 млрд теңге кіріс түсіп, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,9 млрд теңгеге артты. Демек, өсу қарқыны 130 процентті құрап отыр. Республикалық бюджет бойынша да 256,6 млрд теңгеге түсім түсіп, сомасы былтырғыға қарағанда  88,5 млрд теңгеге көбейді. Мөлшері 152,7 процент болды, дейді Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаев.