Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Экология талабын бұзғандар жауапқа тартылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданы прокуратурасы жерді заңсыз қазған және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен оқиғаларды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты», деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Экология талабын бұзғандар жауапқа тартылды

Оқиға былай болған. Жаңақала ауылы маңында бір серіктестік арнайы рұқсатсыз 210 текше метр болатын топырақты қазып алған. Экология департаменті маманының қорытындысы бойынша, осы әрекеттің нә­тижесінде Экологиялық кодекстің 12-бабы­ның талабы бұзылып, 950 мың теңге за­лал келтірілген.

Про­курорлық қадағалау актісі негізін­де уәкілетті орган «жер қойнауына мем­ле­кет­тiк меншiк құқығын бұзғаны» үшін әлгі ЖШС-не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабына сәйкес 631 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құны мемлекет пайдасына толық өндірілген.

Сонымен қатар Жаңақалада тұр­мыс­­тық қалдықтарға арналған полигон эко­ло­гия­лық заңнаманың талапта­ры­на сәйкес келмейтіні анықталған. Сөйтіп Жаңақала ауылдық округі әкі­мі­нің аппараты мекемесі мен Жаңа­қа­ла ауылдық округінің әкімі А.Г.Ахме­тов «жерді бүлдіріп, өндіріс және тұ­тыну қалдықтарымен жұмыс істеу­ге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талап­тарды бұзғаны» үшін Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодекстің 337 және 344-баптары бойынша жауапкершілікке тар­тыл­ған. «Нәтижесінде әкім аппараты 63 мың теңге, ауыл әкімінің өзі 25 мың теңге көлемінде айыппұл төледі» деп хабарлайды прокуратура органы.

 

Батыс Қазақстан облысы