Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы Никольск базары тарихи маңызы бар ескерткіштер санатында жоқ

305 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қалалықтардың «сақтайық» деп көздің қарашығындай қорғап отырған нысандардың басым көпшілігі -  орталықта орналасқан.  Апта басында солардың бірі  «Никольск базары сүріледі» деген мәселеге еріксіз назар аударуға тура келді.   Қала әкімдігінің бұған қатысты көзқарасы 2018 жылдың басында-ақ белгілі болатын. Бірақ «қаланың ортасындағы базар сүріліп жатыр. Онымен бірге Алматының тарихы сүріліп жатыр» деген ақпарат ғаламтор айдынын  кезіп кетті.    

Алматыдағы Никольск базары тарихи маңызы бар ескерткіштер санатында жоқ

«Қазір құрылыс компаниясы базар орналасқан жерді босатып беруді сұрап жатыр. Олардың да өз шарттары, өз жоспарлары бар. Олар мұнда келгенде, бірден жер қазуға кіріспейді. Контейнерлерді әкеліп, инженерлік желілерді сыртқа шығару керек. Бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі және ол кем дегенде екі айға созылуы мүмкін» дейді Алматы әкімшілігі таратқан ақпарат.   

Алматылықтар Никольск деп атап кеткен базарға жақын жерде  Свято-Никольский шіркеуі мен  Ахмета Байтұрсынов атындағы гүлзар бар.  Бүгін базар әкімшілігі журналистермен кездескен кезде жұмыстарын жыл аяғына дейін ғана жалғасыруға мүмкіндік беретін хабарлама алғанын айтты. Базар басшылығы атап өткендей, қазір 12 кәсіпкер жұмыстарын басқа жерден жалғастырады. Қала әкімдігі олардың жұмыспен қамтылуын, басқаша айтқанда Алматыдағы өзге базарлардан орын алуын өз жауапкершілігіне алып отыр.  Басқаша айтқанда «Никольскінің» бірде-бір кәсіпкері жұмыссыз қалмайды. Мұндай құжат базарда сауда жасап тұрған кәсіпкерлерге де берілген. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа сауда үйінің құрылысы басталады.      

Қаланың архитекторлары Никольск базарының тарихы Алматының тарихы үшін аса маңызды рөл атқара қоймағын айтады. Олардың түсіндіруінше,  базардың  «атақ-даңқының» бәсін асырып тұрған фактор – қасындағы Қасиетті Никольск шіркеуі.  Осы шіркеуге  қатысты біз білетін  мәлімет  - өзіміздің Тұрар Рысқұловтың Алматы көпестерінің бірі приходьканың ерке ұлы Аркадий  Приходканы шіркеуге алып келетіні, буыны қатпаған баланы шоқын деп мәжбүрлесе де аулаға шығып кетіп, қожайындарын  сыртта күтіп тұратыны. Сәулетші Алмас Ордабаев бізбен әңгімесінде базарды сүріп, орнына замануи үлгідегі сауда үйін салудан ешбір әбестік көріп тұрмағанын айтады. Себебі етек-жеңі салбырап тұрған әрбір базардың жалына жармасып, қорғай беретін болсақ, аты-заты белгісіз   мұндай базарлар  жүздеп саналады.     

Ал жазушы  Халид Амин журналистермен кездескен кезде базардың сүрілуі атақты «Привоз» базарын  сүргенмен бірдей екенін айтыпты. 1920-1950 жылдары  алматылықтардың  тұрмыстық деңгейдегі шаруаларын шешіп алуға осы базар себеп болыпты: Олар осы базарға келіп, алтын –күміс әшекейлерін азық-түлікке айырбастап, жан сақтап қалған. Десек те, 90 жылдық тарихы базар ашық сауда нарығындағы бәсекелестікке төтеп бере алмағанын мойындауымыз керек. Базардың акционерлері сауда орнынның инфрақұрымын заманауиландыруға ұмтылмалды. 1990 жылдардағы жайма базар деңгейінен әрі асып кете алмады. 

Никольск базары туралы мәліметтер ғаламтор көздерінде көп.  1942 жылы мұнда Профура лақап атымен танымал болған Тамару Фастовская аса қат тауарларды үш есе қымбат бағасымен сатқаны үшін ұсталып, атылған.  

Ақпарат құралдарының мәліметінше,  757 құнды  тарихи ғимараттар анықталды. Қоғам қорғауы керек деп тапқан тарихи ескерткіштер қатарында Никольск базары жоқ.  Демек, ол қасындағы шіркеу бәсін асырып тұрған көше базары деңгейіндегі сауда орны. Қала билігінің  оны сүріп тастап ойын-сауық кешенін салайын  деген ниеті жоқ.

Алдағы бірер жылда көше базары орнында бұрынғы атауын сақтап қалған заманауи сауда үйі салынып, қалаға көрік беретін сәулетт ғимараттардың қатарын толықтырады. Қала билігі оның құрылысын жобалаут кезінде Алматының шығыстық-азиялық келбетіне басымдық беріледі деп отыр.           

Алматыда базарлардың сүрілуі жаңалық емес. Олар сүріліп жатыр. Себебі, көбінің құрылысқа қатысты заңдарды өрес­кел бұзғаны белгілі болды. Бұл дегеніңіз базар орналасқан аумақтың  шектеулі жерден асып кеткен. Ол аздай, ережеге сәйкес көлік тұрақтары мүлдем салынбаған. Сондықтан қала әкімдігі тізеге батырып болса да базар реформасын жүргізуді қолға алды. Егер осы реформасы сәтті іске асса көлік тығыны азайып, Алматының ажары қайта қалпына келгелі тұр. Сапасы сын көтермейтін базар­лардың орнында сәнді де сәулетті сауда нүк­телері ашылғалы тұр.

Алматыда сүрілмейтін, та­лапқа сай келетін бір ғана базар бар екен.  Ол – «Көк базар». Алайда бұл базардың да бір кемшілігі – көлік қоятын жері жоқ. Сондықтан алдағы уақытта «Көк базарда» жерүсті және жерасты көлік тұрақтарын салу құрылысы жүреді.

Ал қалған базарлар рет-ретімен сүріледі.

 

АЛМАТЫ