Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019

Банктерге жеңілдетілген автокредит үшін тағы 5,5 млрд теңге бөлінді

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық Банкі мен ВТБ 2 млрд теңгеден алса, Сбербанкқа – 1,5 млрд теңге бөлініп отыр.   азақстанның Даму Банкі жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қосымша 5,5 млрд теңге бөлді.

Банктерге жеңілдетілген автокредит үшін тағы 5,5 млрд теңге бөлінді

Бұл қаражатты еліміздің үш банкі игеруі тиіс. Атап айтқанда, Халық Банкі мен ВТБ 2 млрд теңгеден алса, Сбербанкқа – 1,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ енді Қазақстанның Даму Банкі кредиттік өтіміндердің бағдарлама талаптарына сәйкестігін мақұлдау процессін атқармайды.

Бұл өтінімді қарастыру мерзімін қысқарту үшін жасалып отыр. Қаперде болса, Қазақстанның Даму Банкі жеңілдетілген автокредит бағдарламасын қаржыландыруға 2015 жылдан бері жалпы соммасы 62 млрд теңге бөлген болатын. Бұл қаражатқа қазақстандықтар жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған 18 мыңға жуық су жаңа көлік сатып алуға мүмкіндігіне ие болды.

 

АЛМАТЫ