Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019

«Бастау» жобасы арқылы 2545 кәсіпкерлік білімін жетілдірді

12 реткөрсетілді

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жалпы, елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін өз ісін бастайтын адамдар арнайы курстан өтіп, пайыздық мөлшерлемесі аз несиелер мен қайтарымсыз қаржы алуға мүмкіндік бар.

Бұл үшін «Бастау» жобасы жұмыс жасауда. Осы бағыт «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты.

Яғни, қайтарымсыз негізде тұрғындар курстан өтеді. Сертификат беріледі. Бұл мүмкіндіктерді биыл облысымыз бойынша 2545 адам пайдаланып, кәсіпкерлік білімін жетілдірді.

Биыл «Жастар жылында» «Жас кәсіпкер» жобасымен 800 адам білім алды. Олардың 298 жоба иесі жалпы құны 95,7 миллион теңге көлемінде пайыздық мөлшерлемесі төмен несие алып, ісін бастады.

Ал, «Жас кәсіпкер» арқылы оқығандар да грант алды.  Оларға 140 миллион теңге көлемінде грант берілген. 

Қыздар тырнақ әрлеу, визажист, шаштараз, тігіншілік бағыттарына басымдық берсе, жігіттер автошеберхана, ұялы телефон жөндеу орындарын ашуда.

Ауылдарда мал шаруашылығын дамытуға  үлес қосқысы келетіндер бар.  Шарбақты ауданында тұрғындар оқығаннан кейін жеңілдікті несие алып, бизнес бастағандар аз емес. Май ауданында  мал басын көбейтуге көңіл бөлуде.

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Бейбітшілікке үндейтін бастама

Аймақтар • Бүгін, 11:03

Мол өнім кепілі - сапалы тұқымда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Еңбекақы көлемін ұлғайтты

Аймақтар • Бүгін, 07:26

Бабыр баба шапаны

Таным • Бүгін, 07:23

Олар ешкімнен кем емес

Руханият • Бүгін, 07:18

Жалғыз қолмен жиһаз жасайды

Аймақтар • Бүгін, 07:17

Заманауи кәріз жүйелері керек

Аймақтар • Бүгін, 07:13

Сергелдеңге салған сертификат

Аймақтар • Бүгін, 07:02

Сазгердің «Мәңгі көктемі»

Таным • Бүгін, 06:58

Ер қазақ еді Ераға

Таным • Бүгін, 06:56

Еліміздегі ең алып кітап

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Тағайындау

Президент • Бүгін, 06:50

Жұрт тілегі назарға алынды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Сот ісін жүргізу цифрландырылады

Парламент • Бүгін, 06:13

Ұқсас жаңалықтар